Цифрлық коммуникациялар виртуалды қауымдастықтарда тұлғаны қалыптастырудың социомәдени факторы ретінде

Цифрлық коммуникациялар виртуалды қауымдастықтарда тұлғаны қалыптастырудың социомәдени факторы ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-31-2/26-35

Кілт сөздер:

цифрлық технологиялар, тұлға, сәйкестік, социомәдени факторлар, әлеуметтік желілер, коммуникация, виртуалды қауымдастықтар, әлеуметтік институттар

Аңдатпа

Қазіргі қоғамның қарқынды цифрлануы жағдайында виртуалды қауымдастықтардың тұлғаныңықпалына арналған ғылыми мақала ерекше маңызға ие, өйткені виртуалды кеңістік адамныңкүнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуда. Автордың пікірінше, бұл феноменді философиялықтұрғыдан талдау онлайн-коммуникациялардың әсерінен пайда болатын сәйкестіктің, құндылықтықбағдарлардың және әлеуметтік өзара әрекеттесу формаларының трансформациясын тереңірек түсінугемүмкіндік береді. Қазақстандық қоғам үшін бұл мәселе айрықша өзекті, себебі жаһандану үдерістерімен цифрлық технологияларды белсенді енгізу дәстүрлі мәдени, этикалық және ұжымшылдықұстанымдардың сақталуымен қатар жүріп отыр. Мақалада виртуалды қауымдастықтар қазіргі елдерде(соның ішінде Қазақстанда да) тек коммуникация мен өзін-өзі білдіру құралы ғана емес, соныменбірге жаңа әлеуметтік нормалардың, мінез-құлық үлгілерінің және дүниетанымдық бағдарлардыңқалыптасу кеңістігі ретінде көрінетіні туралы қорытынды жасалады, бұл өз кезегінде теориялықтұрғыдан пайымдауды талап етеді. Аталған тақырыпты ғылыми зерттеу тұлғаның нақты жәневиртуалды тәжірибесі арасындағы қайшылықтарды анықтауға, сондай-ақ цифрлық әлеуметтенугебайланысты тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдауға ықпал етеді. Виртуалды қауымдастықтардыңтұлғаға ықпалын философиялық талдау тұрғысынан қарастыру теориялық білім көкжиегін кеңейтіпқана қоймай, Қазақстан қоғамының дамуы контексіндегі өзекті әлеуметтік үдерістерді түсінудіңнегізін қалыптастыруға мүмкіндік береді

Downloads

Жарияланды

2026-07-01

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ
Loading...