Ұбайдулла ибн Масғуд: тұлғасы, ілімі және «әт-Таузих фи халли ғауамид әт-Танқих» еңбегінің фиқһ ғылымындағы рөлі

Ұбайдулла ибн Масғуд: тұлғасы, ілімі және «әт-Таузих фи халли ғауамид әт-Танқих» еңбегінің фиқһ ғылымындағы рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-31-2/14-25

Кілт сөздер:

ислам құқық философиясы, ханафи мәзһабы, усул әл-фиқһ, Садр аш-Шариға, әт-Танқих, әт-Таузих, ислам құқықтық теориясы, медреселік білім, ханафи құқықтық мектебі

Аңдатпа

Мақалада XIV ғасырдағы Орта Азия мұсылман ойшылдығының көрнекті өкілі, ханафи құқықмектебінің беделді ғалымы Садр аш-Шариға ас-Сағир – Ұбайдулла ибн Масғуд әл-Махбуби әлБухаридің философиялық және құқықтық мұрасы зерттеледі. Зерттеудің негізгі мақсаты — ғалымныңислам құқық философиясы мен усул әл-фиқһ ғылымының дамуына қосқан үлесін айқындау, әсіресеоның «Әт-Таузих фи халли ғавамид әт-Танқих» еңбегіндегі рационалдық-логикалық әдістердіңмазмұнын талдау. Мақалада Садр аш-Шариғаның ғылыми дүниетанымы исламдық құқықтық ой,калам ілімі және рационалды философияның өзара байланысы негізінде қарастырылады. Зерттеубарысында ғалымның өмір сүрген тарихи-мәдени ортасы, оның ғылыми мектебі, ұстаздары меншәкірттері туралы мәліметтер беріліп, оның еңбектеріндегі логика, калам, таным теориясы жәнеқұқықтық методология мәселелері талданды. Әсіресе «Әт-Танқих» пен «Әт-Таузих» шығармаларындалогика элементтері, дәлелдеу тәсілдері, ұғымдарды жүйелеу және рационалдық талдау әдістерікеңінен қолданылғаны анықталады. Ғалым құқықтық мәселелерді түсіндіруде қисындық ойлаужүйесіне сүйеніп, құқықтық дәлелдердің құрылымын философиялық тұрғыдан негіздеуге ұмтылған.Сонымен қатар мақалада Садр аш-Шариғаның калам ғылымымен байланысы да зерделенген. Оныңеңбектерінде ақыл мен уахи арақатынасы, шариғи үкімдердің танымдық негіздері, адам әрекетініңеркіндігі мен жауапкершілігі сияқты исламдық теологиялық-философиялық мәселелер көріністапқаны көрсетіледі. Ғалым шариғи мәтіндерді түсіндіруде ақыл мен нақылдың үйлесіміне ерекшемән беріп, ислам құқық теориясында рационализмнің дамуына ықпал еткен. Бұл оның ғылымимұрасында құқық философиясы мен исламдық рационалды ойлау дәстүрінің сабақтастығын айқынкөрсетеді. Зерттеу нәтижесінде «Әт-Таузих» еңбегінің усул әл-фиқһ ғылымындағы маңыздытеориялық әр философиялық шығармалардың бірі екені анықталды. Еңбек ислам құқықтық ойындағылогикалық талдау мәдениетінің дамуына, құқықтық мәтіндерді интерпретациялау әдістерініңжетілуіне, каламдық және рационалистік әдістердің құқық теориясына енуіне елеулі ықпал еткенғылыми мұра ретінде бағаланады.

Downloads

Жарияланды

2026-07-01

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ
Loading...