Қазіргі Қазақстанның гуманитарлық парадигмасы: философиялық рефлексия

Авторлар

  • М.М. Манасова
  • К.М. Болысова

##semicolon##

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/73-79

##semicolon##

гуманитарлық, парадигма, технократизм, цифрландыру, бірегейлік, жоғары, білім, жастар, мәдениет, мораль, дін, Қазақстан

Аңдатпа

Мақалада жаһандану, цифрландыру және институционалдық реформалар жағдайындағы қазіргіҚазақстанның гуманитарлық парадигмасына әлеуметтік-философиялық талдау ұсынылған.Гуманитарлық парадигма экономикалық жаңғыртудың екінші кезектегі «қосымшасы» емес, керісіншеқоғамдық дамудың көкжиектерін, білім беру сапасын және мәдени бірегейліктің тұрақтылығынайқындайтын базалық құндылықтық-нормативтік негіз екендігі туралы тезис негізделеді. Жоғарымектептегі технократиялық ойлаудың күшеюі әлеуметтік-гуманитарлық білімнің құнсыздануына,болашақ мамандардың сыни ойлау, азаматтық жауапкершілік және дүниетанымдық рефлексиядеңгейінің төмендеуіне алып келетіндігі көрсетілген. Зерттеудің мақсаты гуманитарлықпарадигманың терең құндылықтық негіздерін жан-жақты пайымдау арқылы оның қоғамдық дамудағыстратегиялық маңызын ашып көрсетуге бағытталған. Атап айтқанда, зерттеу барысындагуманитарлық парадигманың адам, қоғам және мәдениет туралы іргелі түсініктер жүйесіне сүйенетінаксиологиялық тұғырлары талданып, олардың қазіргі Қазақстан жағдайындағы мазмұндықерекшеліктері айқындалады. Мақалада «гуманитарлық парадигма» ұғымының теориялық-әдіснамалық тәсілдері ашылып, оның дүниетанымдық және аксиологиялық құрамдас бөліктері,сондай-ақ білім беру, ғылым және мәдени саясат жүйесіндегі институционалдық көрінісі талданған.Қоғамдық сананы жаңғырту үдерістерін философиялық тұрғыдан пайымдауға, жаһандықкоммуникациялық желілер жағдайында бірегейліктің трансформациялануына және цифрлық ортаныңгуманитарлық құндылықтар құрылымына ықпалына ерекше назар аударылады. Цифрландыру біліммен мәдени ресурстарға қолжетімділікті кеңейтуімен қатар, әлеуметтік коммуникация формаларыныңөзгеруімен, мәдени кеңістіктің фрагментациялануымен және рухани сабақтастықтың әлсіреу қаупіменбайланысты жаңа сын-қатерлерді де туындататыны көрсетілген.

##submission.downloads##

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ