Философиялық кеңес беру немесе қазіргі заманғы даналықты іздеу
##semicolon##
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/48-58##semicolon##
философиялық, кеңес, практика, экзистенциалдық, мән, қалыптастыру, сократтық, диалог, қолданбалы, философия, этикалық, рефлексия, рационалды, пайымдау, эвдемония, заманауи, мәдениетАңдатпа
Философиялық кеңес беру — философиялық әдістерді нақты проблемалар мен күнделікті өмірдегімән-мағынаны іздеуде қолдануға бағытталған философиялық тәжірибенің жаңа түрі. Қазіргімағынасында философиялық кеңес беру 1981 жылы Германияда Аркенбахтың бастамасыменбасталған. Академиялық шектерден аса отырып, философиялық кеңесшілер диалогтық процесте жекеадамдармен, топтармен және ұйымдармен араласу арқылы ашықтықты, даналықты және өміргерефлексивті көзқарасты дамытуға ұмтылады. Мақала ежелгі философиялық дәстүрлерге, әсіресеСократ әдісіне назар аудара отырып, философиялық кеңес берудің тарихи және концептуалдық шығутегін зерттейді. Зерттеу философиялық кеңес берудің негізгі принциптерін, әдістерін және этикалықнегіздерін ашып көрсетуді мақсат етеді, олар философиялық кеңес беруді психотерапиядан жәнеөмірлік коучингтен ерекшелендіреді. Сонымен қатар жұмыс философиялық кеңес берудің негізгітәжірибелік модельдерін, теориялық тұтастығын және оның психикалық денсаулықпен байланысынқарастырады. Бұдан басқа, философиялық кеңес беруді ұйымдық, білім беру немесе әлеуметтікконтекстерде қолданудың қиындықтары мен философиялық кеңес берудің болашақтағы бағыттарытуралы да сөз қозғалады.