Қазақ мақал-мәтелдерінің исламдық дүниетаныммен сабақтастығы
##semicolon##
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/41-47##semicolon##
қазақ мақал-мәтелдері, исламдық дүниетаным, діни философия, иман, тәуекел, шүкіршілік, сабыр, адамгершілікАңдатпа
Мақаланың негізгі мақсаты — қазақ халқының мақал-мәтелдеріндегі исламдық дүниетаным мен діни-философиялық ұстанымдардың айқын көрінісін жан-жақты қарастыру. Қазақтың ауыз әдебиетіндежәне ғасырлар бойы қалыптасқан халық даналығындағы мақал-мәтелдердің мазмұны Алланыңбірлігіне сену (тәухид), тағдырға ризашылық пен тәуекел, шүкіршілік пен қанағат, сабыр ментөзімділік, адалдық пен әділдік, сондай-ақ мейірім мен ізгілік сияқты негізгі исламдыққұндылықтармен тығыз әрі органикалық байланыста екендігін айқындау жатыр. Зерттеу барысындақазақ мақал-мәтелдерінің терең мазмұны салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы талданып, олардыңҚұран Кәрім аяттарымен және Мұхаммед пайғамбардың хадистерімен идеялық үндестігі жүйелі түрдеқарастырылған. Талдау нәтижесінде қазақ дүниетанымының түп негізінде ислам дінінің рухани-этикалық қағидаларының берік орныққаны дәлелденді. Сондай-ақ мақал-мәтелдердің осы жоғарыдіни-адамгершілік құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің және халық санасына сіңірудіңмаңызды әрі тиімді құралы болғаны анықталған. Осы тұрғыда зерттеу ұлттық діни сананың тарихидамуын, оның мәдени формалардағы бейнесін түсінуге зор үлес қосады. Қорытындылай келе, мақалаислам діні мен ұлттық мәдениеттің өзара терең ықпалын, сонымен қатар діни-адамгершілік тәрбиеніңхалықтық формаларының әлеуметтік және рухани маңызын айқын көрсетеді