Жол ұғымын философиялық кең мәтінде талдау

Авторлар

  • Ы.Ж. Анламасова

##semicolon##

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/6-13

##semicolon##

жол, қазақ философиясы, әдіснама, онтология, антропология, аксиология, Абай

Аңдатпа

Мақалада жол категориясы философиялық кең мәтін аясында қарастырылып, оның онтологиялық,антропологиялық және аксиологиялық қырлары талданған. Аталған ұғым тек мәдени немесеметафоралық бейне ретінде ғана емес, дүниетанымның онтологиялық, антропологиялық жәнеаксиологиялық өлшемдерін біріктіретін іргелі философиялық құрылым ретінде қарастырылады.Зерттеуде философиялық герменевтика, процессуалдық онтология және құндылықтық талдауэлементтері қолданылып, жол категориясының мағыналық тереңдігі мен әдіснамалық әлеуетіашылған. Онтологиялық тұрғыдан жол болмысты қозғалыс, қалыптасу және болашаққа ашықтықретінде пайымдауды білдіреді; мұнда болмыс тұрақты күй емес, үнемі жүріп отыратын үдеріс ретіндеұғынылады. Антропологиялық өлшемде жол адамды адамгершілік таңдауға, ішкі өлшемге жәнеқауым алдындағы жауапкершілікке бағдарланған тұлға моделі ретінде көрінеді. Аксиологиялықаспектіде жол әділеттілік, ар-намыс және адамгершілік міндет туралы түсініктерді қалыптастыратыннормативтік ұстаным қызметін атқарады. Сонымен қатар жолдың тарихи жады мен ұжымдықбірегейлікті қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылған, мұнда ол дәстүр мен қазіргі заманарасындағы дәнекер ретінде қызмет етеді. Мақалада жол категориясының жаһандану жағдайындабірегейлік пен құндылықтық бағдарларды философиялық тұрғыдан талдауда елеулі әдіснамалықәлеуетке ие екені тұжырымдалады.

##submission.downloads##

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ