Цифрлық медиадағы жастар: желідегі «Меннің» қалыптасуы

Цифрлық медиадағы жастар: желідегі «Меннің» қалыптасуы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-31-2/56-66

Кілт сөздер:

цифрлық мәдениет, жастар, желілік «Мен», бірегейлік, өзін-өзі таныту, алгоритм, әлеуметтік медиа, цифрлық азаматтық, қатысу мәдениеті, онлайн-қоғамдастық

Аңдатпа

Мақалада қазіргі цифрлық мәдениет жағдайында жастардың желілік «Меннің» қалыптасуыфилософиялық және мәдени-философиялық тұрғыдан талданды. Зерттеудің мақсаты — жаһандықцифрлық орта өзін-өзі сәйкестендіру, өзін-өзі таныстыру және әлеуметтік өзара әрекет процестерінеәсер ететін механизмдерді анықтау. Әдіснамалық негізін ғылыми әдебиеттерді сапалық талдау,салыстырмалы-аналитикалық тәсіл және қазіргі философия, әлеуметтану, мәдениеттану мен медиазерттеулерде ұсынылған теориялық тұжырымдамалардың пәнаралық синтезі құрайды. Әлеуметтікмедиа, алгоритмдік жүйелер және қатысу мәдениетінің жаңа цифрлық субъективтіліктіқалыптастырудағы негізгі факторлар ретіндегі рөліне ерекше назар аударылады. Зерттеу нәтижесіндежелілік «Меннің» цифрлық платформалармен, елестетілетін аудиториямен және алгоритмдікұйымдастырылған ортамен үздіксіз өзара әрекет барысында қалыптасатын динамикалық, көпқатпарлыжәне таралған бірегейлік форма екендігі анықталды. Өзін-өзі таныстыру, онлайн-қауымдастықтарғабелсенді қатысу және қатаң алгоритмдік реттеу бірегейлікті құрастырудың өзара байланыстымеханизмдері ретінде айқындалды. Цифрлық орта бір жағынан өзін-өзі көрсету мүмкіндіктерінкеңейтсе, екінші жағынан субъектінің сыртқы бағаларға, көріну метрикаларына және платформалықмәдениет нормаларына тәуелділігін күшейтетіні көрсетілді. Бұл үрдістер цифрлық шындықжағдайында мінез-құлықтың, коммуникацияның, мәдени рефлексияның, әлеуметтік өзара әрекет пенсимволдық өндірістің жаңа үлгілерін қалыптастырады. Алынған нәтижелер ақпараттық қоғамжағдайындағы тұлға трансформациясының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді жәнецифрлық сауаттылыққа қатысты білім беру стратегиялары мен бағдарламаларын әзірлеудеқолданылуы мүмкін. Бұл жұмыс қазіргі адамның өмірлік кеңістігінің жедел технологиялануыменбайланысты антропологиялық өзгерістерді теориялық тұрғыдан ұғынуға үлес қосады.

Downloads

Жарияланды

2026-07-01

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ
Loading...