Жаһандану жағдайындағы адам тағдыры: қазіргі заманғы қазақ философиясындағы көзқарастар
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-31-2/36-46Кілт сөздер:
тағдыр, еркіндік, мәңгүрттік, рухани бағытсыздық, жаһандану, бірегейлік, мәдениеттер сұхбаты, толеранттылық, рухани келісім, рухани жаңғыруАңдатпа
Мақалада жаһандану дәуіріндегі адам тағдырына қазіргі заманғы қазақ ойшылдарының көзқарастарқарастырылып, тағдыр мәселесі тарихи-философиялық тұрғыда зерделенген. Және осы жаһанданудыңобъективті үрдістерін мойындап, ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанда қалыптасқангуманизм, төзімділік (толеранттық), ынтымақтастық, этносаралық және рухани келісім, тұрақтылық,сенім, халықтың демократиялық әдет-ғұрпы, сөз бостандығы сияқты құндылықтарды нығайтып,байыту және әлемге ұсыну керектігі туралы өз ойларын ортаға салған қазіргі заманғы қазақойшылдарының пікірлеріне талдау жасалған. Жаһандану жағдайындағы адам тағдыры мәселесінқазіргі заманғы қазақ ойшылдары өзінің бірегейлігін қалыптастыруда өзіне жауапкершілік алатын,өнегелілік пен саналы мәдени таңдау жасай алатын ұрпақтың үлгісін жасау арқылы шешугетырысады, өйткені жаһандану жағдайындағы адам тағдыры оның дәстүр мен қазіргі заманауиқұндылықтарының өзара сұхбаты арқылы айқындалады. Авторлар қорытындыда «Жалпы, қазақхалқының дүниетанымы осы ХХІ ғасырда жаңа, аса күрделі және көпқырлы мәдени бірегейліктітудыра отырып, ол өзін жоғалтпады, керісінше заманның ағымына қарай бейімделе түсті», – дегентұжырым жасаған.
