Цифрлық дүниетаным аясындағы Ақжан әл-Машанидің философиялық мұрасы
##semicolon##
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/32-40##semicolon##
Ақжан әл-Машани, әл-Фараби, цифрлық, дүниетаным, ақпарат, философиясы, техника философиясы, цифрлық этика, желілік, қоғам, мәдени, жадАңдатпа
Қоғамның цифрлануы жағдайында білімді өндіру, тарату және интерпретациялау тәсілдері, сондай-ақоны бағалау мен мәдени маңыздылық критерийлері елеулі түрде өзгеріске ұшырауда. Цифрлықдүниетанымға арналған зерттеулер ауқымды болғанына қарамастан, қазіргі философиялық әдебиеттеақпаратты бағалаудың нормативтік негіздері, әсіресе оның мағыналық мәнділігі, контекстуалдылығымен цифрлық ортадағы жауапкершілігі мәселесі жеткілікті деңгейде жүйелі түрде қарастырылмайотыр. Осы тұрғыдан алғанда, білім мәселесін бастапқыдан-ақ нормативтік әрі мәдени-құндылықтықөлшемде талдайтын Ақжан әл-Машанидің философиялық мұрасы айрықша қызығушылық тудырады.Алайда қолданыстағы зерттеулерде әл-Машани еңбектері цифрлық дүниетанымды, ақпаратфилософиясын және цифрлық этиканы пайымдауға арналған дербес әдіснамалық ресурс ретінде ісжүзінде талданбайды. Көбіне оның идеялары фрагментарлы түрде немесе тарихи-сипаттамалықконтексте ғана түсіндіріліп, олардың нормативтік мазмұны жүйелі реконструкцияланбайды жәнецифрлық ортадағы ақпарат сапасын бағалау мәселесімен тікелей сабақтастырылмайды. Осығанбайланысты аталған зерттеудің мақсаты — Ақжан әл-Машани мұрасындағы негізгі тұжырымдардыфилософиялық тұрғыдан қайта құрастырып, олардың цифрлық дүниетанымды талдаудағыәдіснамалық және этикалық әлеуетін айқындау. Мақалада форма (куб), гармония–симметрия жәнебілімнің мағыналық верификациясы сияқты ұғымдардың цифрлық дүниетаным жағдайында қалайшаинтерпретацияланатыны және оларды цифрлық ортадағы ақпарат сапасы мен жауапкершіліккритерийлерін негіздеуде қолдану мүмкіндіктері талданды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Ақжан әл-Машани философиясы алғаш рет тарихи-сипаттамалық емес, нормативтік-аналитикалық қырынанжүйелі түрде қарастырылып, цифрлық этиканы, ақпарат сапасының критерийлерін және цифрланужағдайындағы мәдени жад проблемаларын түсіндіруге арналған философиялық ресурс ретіндеұсынылуында.