Түркі өркениетінің философиялық қырлары

Түркі өркениетінің философиялық қырлары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-31-2/91-101

Кілт сөздер:

көшпелі мәдениет, саяси интеграция, аймақтық ынтымақтастық, түркі мәдениеті, саяси алмасулар, мәдени ықпалдар, тарихи байланыстар, Ұлы Жібек жолы

Аңдатпа

Әрбір өркениеттің рухани болмысы мен дүниетанымдық негіздері философиялық ойлау жүйесіненкөрініс табады. Түркі өркениеті — Еуразия кеңістігінде мыңдаған жылдар бойы қалыптасып, тарихи,мәдени және рухани дәстүрлерді тоғыстырған байтақ өркениет. Оның философиялық қырлары адам,қоғам, табиғат және ғарыш арасындағы үйлесімділікке негізделген. Мақалада түркі өркениетініңфилософиялық мәні, дүниетанымдық ерекшеліктері және оның қазіргі заман үшін маңызықарастырылған. Зерттеу барысында тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік-саяси және мәдени талдауәдістері қолданылды. Сондай-ақ түркі халқының өткен тарихи танымының қалыптасуына ықпал еткенбастау көздері мен бағыттарын зерделеу арқылы ұлтаралық танымның өзіндік келбетін заманауинегізде қарастыру қолға алынған. Соның негізінде, түркі халықтарының саяси құрылымдарындағыөзгерістер, олардың басқару жүйесіндегі трансформациясы және идеологиядағы алмасулар зерттелді.Бұл бүгінгі ұлтымыздың өзіндік болмысы мен болашақтағы қадамдарын негіздеуде руханисабақтастықтың ұлттық танымға тигізген ықпалын анықтау. Өткен мен бүгіннің арасын жалғайтыннегізгі көпірлер заманауи бағыттағы өміршең идеяларды жан-жақты қарастыру көзделген. Саралаумен сараптамалық зерделеу бүгінгі заманның құндылығын бағамдауда қажет құбылыс. Негізгінәтижелер ретінде түркі халықтарының саяси жүйелеріндегі өзгерістердің сыртқы факторлармен жәнеішкі әлеуметтік-саяси қозғалыстармен байланысы қарастырылды. Және түркі елінің тарихындақоғамда орын алған күрделі құбылыстардың саясатпен байланысы және билеу жүйесінің өзіндік әдістәсіліндегі дініміз исламның әсері мен ұлттық тәуелсіздікке ұмтылудың ықпалы арқылы жүзегеасқандығы көрсетілді. Зерттеу түркі әлеміндегі саяси интеграция мен ынтымақтастықтың қазіргікелбетін айқындауда мүмкіндік береді. Нәтижелер түркі халықтарының саяси жүйелерініңдамуындағы ортақ заңдылықтарды, сондай-ақ олардың қазіргі кездегі саяси өзгерістерге қатынасызаманауи факторлардың әлемдік деңгейдегі көрінісі бүгінгі ахуалды тануға және танытуға өз үлесінқоспақ.

Downloads

Жарияланды

2026-07-01

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ
Loading...