Исламдық құндылықтардың зайырлы табиғаты: мұсылман зияткерлік дискурсының интерпретативтік әлеуеті
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-31-2/82-90Кілт сөздер:
ислам, ислам философиясы, исламдық құндылықтар, зайырлылық, демократиялық құндылықтар, мұсылман зияткерлігі, Қазақстан қоғамы, ҚұранАңдатпа
Мақала Қазақстан зайырлы қоғамындағы исламдық сананың — құндылықтардың, этиканың жәнедүниетанымның көрініс табу феномені туралы қарастырылған. Жаңашылдығы аксиологиялықбағдарлардың зайырлы қоғамның құндылықтары мен сипаттарымен қайшылықсыз, өзаратолықтырушы, тіпті үйлесімді сипатта болатыны туралы деген идеяда жатыр. Авторлар дінилік пензайырлылық категориялары тек өзара бірін-бірі жоққа шығармайтынын ғана емес, сонымен қатаркомплементарлы сипатқа ие екенін негізге алады. Осыған байланысты отандық әлеуметтік кеңістіктедінилік пен зайырлылық туралы дискурстың дамуына барынша сәйкес келетін қағидаттар жиынтығыретінде тарихи принципі, төл дәстүрге құрмет, идеологиялық-саяси бейтараптық пен бейтарапкөзқарас, дін саласы мен мемлекеттік институттар арасындағы айқын ажырату, құқықтың басымдығымен рухани қауіпсіздік қағидаттары қарастырылады. Исламдық дүниетанымның зайырлы қоғамжағдайларымен тоғысуы мен кірігуіне, сондай-ақ керісінше үдерістерге исламдық интеллектуалдықдәстүрдің келесі этикалық бағдарлары ықпал етеді: ақыл-ойдың рөліне ерекше мән беру, исламдықдоктриналық нарративтерді заманауи әлеуметтік сұраныстарға сәйкес интерпретациялау мүмкіндігіжәне қажеттілігі, зайырлылық тұжырымдамаларында орталық орын алатын әділеттілік пен теңдікұғымдарының маңыздылығы. Авторлар мынадай қорытындыға келген: біріншіден, зайырлылық пендемократияның аксиологиялық бағдарлары исламдық дүниетаным мен философияға қайшы келмейді.Екіншіден, қазіргі қоғамдағы ислам құндылықтары өзара толықтырушы сипатқа ие; «исламдық» және«заманауилық» категориялары бірін-бірі жоққа шығармайды. Үшіншіден, қазіргі мұсылмандықинтеллектуализм исламдық догматикалық нарративті қазіргі қоғамның сан қырлы қажеттіліктері менсын-қатерлеріне сәйкес қайта интерпретациялау және қайта өзектендіру үшін кең әлеуетке ие.
