Цифрлық кеңістіктегі ерікті жауапкершілік: білім беру жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздіктің философиялық интерпретациясы
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-31-2/6-13Кілт сөздер:
цифрлық еріктілік, ерікті жауапкершілік, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық білім беру кеңістігі, цифрлық этика, аксиология, құндылықтар жүйесі, азаматтық жауапкершілік, этикалық практика, философиялық тұжырымдамалық модель.Аңдатпа
Қазіргі цифрлық қоғам жағдайында білім беру кеңістігінің жедел цифрлануы ақпараттық қауіпсіздікмәселесін тек техникалық немесе ұйымдастырушылық шеңберде ғана емес, философиялықаксиологиялық тұрғыдан пайымдауды талап етеді. Осы контексте цифрлық волонтерлік еріктіжауапкершілікке, саналы таңдау мен қоғамдық игілікке негізделген әлеуметтік-мәдени феноменретінде ерекше өзектілікке ие болуда. Мақалада цифрлық кеңістіктегі ерікті қызметтің мәні жәнеоның білім беру жүйесіндегі ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі философиялықинтерпретациясы талданды. Зерттеу объектісі ретінде білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатынцифрлық (онлайн) волонтерлік қарастырылды. Сонымен қатар мақалада ақпараттық қауіпсіздікмәдениеті құндылықтық феномен ретінде айқындалып, оны қалыптастырудағы цифрлықволонтерліктің тәрбиелік және әлеуметтік-педагогикалық әлеуеті ашылады. Философиялық талдаунәтижесінде білім беру кеңістігі үшін авторлық аксиологиялық-антропологиялық-праксеологиялықмодель ұсынылады, онда цифрлық волонтерлік қауіпсіздікке бағдарланған жауапты мінез-құлықтықалыптастыратын маңызды мәдени ресурс ретінде негізделеді. Алынған тұжырымдар цифрлық этика,ақпараттық қауіпсіздік және еріктілік философиясы саласындағы ғылыми зерттеулер үшінәдіснамалық маңызға ие.
