Қазақстандық қоғамның трансформациясы жағдайындағы жоғары білімнің мәні мен құндылығы

Қазақстандық қоғамның трансформациясы жағдайындағы жоғары білімнің мәні мен құндылығы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/15-25

Кілт сөздер:

білім философиясы, әлеуметтік философия, жоғары білімнің мәні, жоғары білімнің кұндылығы, құндылық бағдарлары, сыни ойлау, жасанды интеллект, адами капитал, еңбек нарығы

Аңдатпа

Мақалада қазақстандық қоғамның әлеуметтік-мәдени және экономикалық трансформациясыжағдайында жоғары білімнің мәні мен құндылығын қабылдаудың өзгерістері қарастырылды.Зерттеудің өзектілігі жоғары білім беру мақсатының тұлғаның дүниетанымы мен зияткерлікмәдениетін қалыптастыратын дәстүрлі институттан кәсіби құзыреттерді игеруге және өзгермелі еңбекнарығының талаптарына бағдарланған инструменталдық модельге трансформациялануыменайқындалады. Зерттеудің мақсаты — Қазақстан Республикасындағы білім алушылардың, профессор-оқытушылық құрамның (ПОҚ) және жұмыс берушілердің жоғары білім құндылықтарын қабылдауерекшеліктерін кешенді талдау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы білім беру парадигмасының дипломалуды негізгі құндылық ретінде қабылдаудан қолданбалы және икемді құзыреттерді, соның ішіндеsoft skills меңгеруге қарай ығысуын анықтаудан тұрады. Әдіснамалық негізді ҚазақстанРеспубликасының нормативтік-құқықтық базасын талдау және білім беру үдерісінің негізгіқатысушылары арасында жүргізілген сауалнама нәтижелерін біріктіретін деректер триангуляциясықұрады. Зерттеу нәтижелері жоғары білім мазмұнының еңбек нарығы талаптарына толық сәйкескелмеуін, теориялық даярлық пен практикалық дағдылар арасындағы алшақтықты және цифрлықтехнологияларға тәуелділіктің артуын көрсетті. Жасанды интеллектіні шамадан тыс пайдалану білімалушылардың дербес ойлау, сыни талдау және шығармашылық шешім қабылдау қабілеттеріне керіәсер етуі мүмкін. Осыған байланысты білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының сұранысынасәйкес жаңарту, практикалық даярлық үлесін арттыру, жоғары оқу орны мен жұмыс берушілерарасындағы ынтымақтастықты кеңейту және жасанды интеллектіні жауапты пайдалану мәдениетінқалыптастыру қажеттілігі негізделеді. Ұсынылған бағыттар жоғары білімнің сапасын арттырып, еңбекнарығында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға ықпал етеді.

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ
Loading...