Шәкәрім Құдайбердіұлының этикалық триадасы: «Ұждан» концептісін философиялық реконструкциялау

Шәкәрім Құдайбердіұлының этикалық триадасы: «Ұждан» концептісін философиялық реконструкциялау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-31-2/47-55

Кілт сөздер:

Шәкәрім Құдайбердіұлы, ұждан, ар-ұят, ынсап, әділет, мейірім, қазақ этикасы, моральдық философия, этикалық антропология

Аңдатпа

Мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының дүниетанымындағы «ұждан» концептісі «Ынсап — Әділет —Мейірім» этикалық триадасы арқылы зерттелді. Зерттеуде «ұждан» санаты тек тар лексикалықмағынадағы «ар-ұят» ретінде емес, моральдық өзін-өзі шектеуді, әділдік пен жанашырлықтыбіріктіретін интегралды этикалық принцип ретінде қарастырылады. Мақаланың мақсаты —триаданың әрбір құрамдас бөлігінің философиялық мәнін ашу және олардың бірлігі Шәкәрімніңэтикалық ойындағы адамгершілік тұлғаның нормативтік моделін қалай қалыптастыратынын негіздеу.Зерттеудің методологиялық негізі Шәкәрім Құдайбердіұлының түпнұсқа философиялық, этикалықжәне поэтикалық мәтіндеріне сүйенеді, олар тарихи-философиялық және герменевтикалық тәсілдерарқылы интерпретацияланады. Талдау барысында «ұжданның» ішкі құрылымын және оның жан,жауапкершілік, ішкі реттеу сияқты санаттармен байланысын анықтау үшін концептуалды реконструкция және салыстырмалы интерпретация әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде «ынсап» —моральдық өлшем мен өзін-өзі тежеу, «әділет» — әділдік пен жауапкершілік принципі, ал «мейірім»— жанашырлық пен гуманистік қарым-қатынастың этикалық негізі ретінде қызмет ететінікөрсетілген. Бұл ұғымдар жиынтығы «ұжданды» жеке адамның адамгершілік өмірі мен әлеуметтікүйлесімділіктің ішкі іргетасы ретінде айқындайды. Мақалада Шәкәрімнің ұждан ілімі оның этикалықантропологиясымен тығыз байланысты екені дәлелденді. Шәкәрімнің «ұждан» концептісі қазақэтикалық ойының негізгі санаттарының бірі және оның тарихи-мәдени маңызымен қатар, заманауиадамгершілік тәрбиесі мен әлеуметтік өмірдің гуманистік негіздері туралы дискуссияларда өзектілігіжоғары.

Downloads

Жарияланды

2026-07-01

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ
Loading...