Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі экзистенциалдық категориялар

Қазақ ойшылдарының еңбектеріндегі экзистенциалдық категориялар

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/80-91

Кілт сөздер:

экзистенциализм, адам, болмысы, өмір, мәні, еркіндік, ар, ұждан, қазақ, ойшылдары

Аңдатпа

Мақалада ұлттық рухани дәстүр контексінде адам болмысының философиялық түсінігін айқындайтынқазақ ойшылдарының еңбектеріндегі экзистенциалдық категориялар талданған. Зерттеудің мақсаты— қазақ ойшылдарының философиясы көшпелі және ислам өркениеттерінің тарихи-мәдениерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге заманауи экзистенциалдық дағдарыстар жағдайында адамболмысын түсінуге арналған әмбебап бағдарларды да қалыптастыратынын көрсету. Соғанбайланысты, Қорқыт дүниетанымындағы, Әбу Насыр әл-Фараби трактаттарындағы, Ахмет Яссауижәне Жүсіп Баласағұн, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы еңбектеріндегі адам болмысы,өмір мәнін іздеу, еркіндік пен таңдау мәселесі, адамның өзінің болмысы үшін жауапкершілігі, сондай-ақ ар, ұждан, тағдыр категориялары қарастырылады. Қорқыт Ата мұрасында өлім қорқынышынеңсеру және өнер арқылы мәңгілікке ұмтылу сарыны ерекше мәнге ие екені, әл-Фарабиде — шынайыболмыстың шарты ретінде қайырымды қала мен тұрғындар арасындағы үйлесімді концепциясы,Ахмет Яcсауидің сопылық философиясында — рухани жол (тариқат) мен ішкі тазару идеясы, ЖүсіпБаласағұнның «Құтты білік» дастанында — әділет, ізгілік және адам мақсат сияқты экзистенциалдықкатегориялар анықталып, оларға феноменологиялық талдау жасалды. Зерттеудің әдістемелік негізінмәтіндерді герменевтикалық талдау, салыстырмалы-тарихи әдіс және феноменологиялық тәсілқұрайды. Бұл әдістер экзистенциалдық категориялардың әмбебап сипатын да, олардың ұлттықерекшелігін де айқындауға мүмкіндік береді. Еуропалық экзистенциализм идеяларымен салыстыраотырып, бұл категориялардың әмбебап сипаты мен ұлттық ерекшелігі анықталды.

Downloads

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ
Loading...