Ә. Кекілбаев шығармашылығындағы ұлттық бірегейлік феномені: дәстүр сабақтастығы және жаңғыру үдерістері
##semicolon##
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/59-65##semicolon##
Әбіш, Кекілбаев, ұлттық, болмыс, жаңғырту, дәстүр, құндылықтар, синтезі, мәдени, мұра, мифологиялық, образдар, тарихи, жады, талдауАңдатпа
Мақалада ұлттық болмыс мәдени жадтың философиялық формасы және тарихи субъектінің өзін-өзітүсіну тәсілі ретінде пайымдалады. Зерттеу нысаны ретінде Әбіш Кекілбайұлы прозасындағы дәстүрмен модернизацияның арақатынасы философиялық рефлексия кеңістігінде талданған. Зерттеунәтижесінде Әбіш Кекілбайұлы прозасында мифопоэтикалық құрылымдар тарихты сыртқы оқиғалартізбегі емес, адам болмысының моральдық сынағы өтетін онтологиялық кеңістік ретінде бейнелейтінідәлелденді. Билік феномені күш пен үстемдік категориясы ретінде емес, жауапкершілік пен ар-ожданөлшемі арқылы философиялық тұрғыда қайта ойластырылған. Модернизация дәстүрден бас тартуемес, этикалық трансформация, яғни тарихи жадты жаңа мағыналық деңгейде қайта пайымдау ретіндеашылады. Нақты философиялық нәтижелер ретінде мұнара мен құдық бейнелерінің символдыққызметі айқындалды: мұнара — болмысты абсолюттендіруге, уақыттан тыс «мәңгілік тәртіпке»ұмтылудың онтологиялық метафорасы болса, құдық — шекаралық жағдайды, адамның ар-ожданыменбетпе-бет келетін экзистенциалдық сынақ сипатын білдіреді. Дала хронотопы мен тұйықкеңістіктердің өзара байланысы ұлттық болмысты жад пен жаңару арасындағы диалектикалық тепе-теңдік ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді. Әбіш Кекілбайұлы прозасын ұлттық тарихтың көркембаяны ретінде емес, қазақ дүниетанымындағы болмыс, уақыт, жауапкершілік және зорлық шектерінпайымдайтын тұтас философиялық модель ретінде негіздеу мақаланың ғылыми жаңалығынайқындайды.