Білім берудің гуманитарлық ракурсы: технологиялық өркениет дәуірінде адами өлшемді сақтау мәселесін философиялық талдау

Білім берудің гуманитарлық ракурсы: технологиялық өркениет дәуірінде адами өлшемді сақтау мәселесін философиялық талдау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/26-33

Кілт сөздер:

білім беру, білім беруді гуманизациялау, тұлға, құндылықтар, конструктивтік ойлау, сындарлы ойлау, мәдениет, тәрбие, коммуникативтік мәдениет, гуманитарлық құзыреттілік, шығармашылық ойлау

Аңдатпа

Мақалада білім беру ортасында тұлғаны дамыту процесінде білім берудің гуманитарлық тұрғыданкөзқарасын зерттеудің маңыздылығы қарастырылды. Сонымен қатар гуманитарлық білім берудіңнегізгі функциялары және оның студенттердің адамгершілік қасиеттерін, сыни ойлауы мен әлеуметтікжауапкершілігін дамытуға әсері талданды. Қазіргі қоғамның цифрландыруы мен жаһанданужағдайындағы гуманитарлық ғылымдардың рөліне ерекше назар аударылады. Авторлар білім берудімәдениетті жаңғыртудың, білім берудің және тұлғаны дамытудың ең маңызды тетіктерінің біріретінде дәстүрлі түсіндіруді ұсынады. Дегенмен олар қазіргі әлемде оның мәні барған сайын қызуфилософиялық пікірталас тақырыбына айналып келе жатқанын атап өтеді. Мақала авторлары білімберудегі қиындықтарды цифрлық технологиялардың, жасанды интеллектінің, еңбектіавтоматтандырудың және жаһандық экономиканың дамуымен байланыстырады, бұл білім беружүйесінің тиімділік, бәсекеге қабілеттілік және еңбек нарығындағы түлектерге деген сұраныскритерийлері арқылы бағалануына әкелді. Нәтижесінде білім берудің гуманитарлық өлшемі көбінесеқоғам назарынан тыс қалады. Дегенмен авторлардың пікірінше дәл гуманитарлық ғылымдартұрғысынан білім беруді тек кәсіби құзыреттіліктерді игеру құралы ретінде ғана емес, сонымен біргеадамды жеке тұлға, мәдениет субъектісі және адамгершілік пен азаматтық жауапкершіліктітасымалдаушы ретінде дамыту процесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Авторлар білім берудіңгуманитарлық ракурсты білім беру үдерісін түсінудің ерекше тәсілі екенін атап көрсетеді. Бұл тәсілдебасты назар кәсіби даярлықтың өзіне емес, тұлғаның дамуына, оның құндылықтар әлеміне жәнесаналы өмір сүру қабілетіне аударылады.

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ
Loading...