Жариялау этикасы

Жариялау саясаты саясаты келесі принциптерге сәйкес жүзеге асырылады:
- баспадан шығару үшін мақалаларды таңдау барысында объективтілік таныту;

- ғылыми зерттеулердің сапасына деген жоғарғы талап;

- мақалаларды баспадан шығару жөніндегі шешімнің редакциялық алқа тарабынан жүзеге асырылуы;

- авторлармен байланыс барысындағы қолжетімділік пен оперативвтілік;

- авторлардың құқықтарын қатаң ұстану;

- журналды басып шығарудың кестесін қатаң ұстану.

Жариялау этикасы және авторларға қойылатын талаптар:

«Logos: Eurasian Journal of Philosophy» редакция алқасы журналдың сандарын қалыптастыру барысында келесі принциптерді басшылыққа алады:

1. Ғылыми объективтіліктің этикалық принципі және ғылыми мақалаларды қабылдау барысында тәуелсіздік принципі.

2. Материалдарды қабылдау мақаланың өзектілігі, теориялық және тәжірибелік деңгейіне сараптамалық талдау жасау және серияның тақырыптық бағытына сәйкестігі негізінде жүзеге асырылады.

3. Материалдарды қабылдаудан бас тартудың негізіне плагиат, мақала тақырыбының серия профиліне сәйкес келмеуі және кері рецензия жағдайы алынады. Мақалаға қойылатын негізгі техникалық талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды.

4. Мақаланың шынайлылығын тексеру antiplagiat.ru жүйе арқылы жүзеге асырылады және шынайлылық деңгейі 70 пайыздан жоғару болу қажет.

5. Барлық материалдар баспаға редакция алқасының шешімі арқылы қабылданады.

6. Редакция алқасы «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» контентін қалыптастыруға тең құқылы түрде қатысады