Ашық қолжетімділік

«Logos: Eurasian Journal of Philosophy» — халықаралық рецензияланатын ашық қолжетімді ғылыми журнал. Журналдың барлық шығарылымдары мен жекелеген мақалалары еркін қолжетімді және журналдың ресми сайтында тұрақты түрде орналастырылады. Барлық мақалалар жарияланған сәттен бастап ешқандай эмбаргосыз бірден қолжетімді болады.

Лицензиялау шарттары: журналда жарияланған барлық мақалалар Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License (CC BY-NC 4.0) лицензиясының шарттары бойынша таратылады. Бұл лицензия пайдаланушыларға автор(лар)ды, жарияланым көзін және лицензияны міндетті түрде көрсету шартымен материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда оқуға, жүктеп алуға, көшіруге, басып шығаруға, таратуға, бейімдеуге, қайта өңдеуге және пайдалануға мүмкіндік береді. Жарияланған материалдарды коммерциялық мақсатта пайдалануға құқық иеленушінің қосымша рұқсатынсыз жол берілмейді. Лицензияның толық мәтіні мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/

Пайдаланушының құқықтары: Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License (CC BY-NC 4.0) лицензиясына сәйкес пайдаланушылар мақалаларды тегін оқуға, жүктеп алуға, көшіруге және басып шығаруға; материалдарды кез келген форматта коммерциялық емес мақсаттарда таратуға; оларды бейімдеуге, қайта өңдеуге және коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға құқылы. Материалдарды кез келген түрде пайдаланған кезде автор(лар), мақала атауы, журнал атауы, жарияланым көзі және лицензия туралы мәліметтерді дұрыс көрсету міндетті.

Автордың құқықтары: авторлар жарияланған мақалаларына авторлық құқықтарын сақтайды. «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» журналына тек алғашқы жариялау құқығы беріледі. Жарияланған материалдар сонымен қатар Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License (CC BY-NC 4.0) лицензиясының шарттарымен таратылады, бұл басқа пайдаланушыларға авторлықты, алғашқы жарияланым көзін және лицензияны міндетті түрде көрсету шартымен материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда оқуға, жүктеп алуға, көшіруге, таратуға, бейімдеуге және пайдалануға мүмкіндік береді.

Авторлар жұмыстың жарияланған нұсқасын айрықша емес негізде таратуға қатысты белгілі бір шарттық келісімдер жасау құқығын сақтайды (мысалы, институционалдық репозиторийде орналастыру немесе кітапта жариялау), бұл ретте осы журналдағы алғашқы жарияланымға сілтеме берілуге тиіс. Авторлар журналда рецензиялау үдерісі басталғанға дейін және оның барысында өз жұмыстарын интернетте (мысалы, институционалдық репозиторийде немесе жеке веб-сайтта) орналастыра алады, өйткені бұл ғылыми пікірталастың дамуына және жұмысқа жасалатын сілтемелер санының артуына ықпал етуі мүмкін.

Ашық қолжетімділік және мақаланы өңдеу ақысы: «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» журналында жарияланған барлық мақалалар Gold Open Access үлгісі бойынша жарияланады, яғни жарияланған жұмыстар журналдың веб-сайтында оқырмандарға ешқандай қаржылық немесе техникалық шектеулерсіз қолжетімді. Жарияланған мақалаларға қолжетімділік толықтай тегін болғандықтан, ашық қолжетімді жарияланымға байланысты шығындарды авторлар өтейді. Мақаланы өңдеу ақысы рецензиялаудан өтіп, жариялауға қабылданған мақалалар үшін ғана алынады. Бұдан басқа ешқандай қосымша төлемдер алынбайды.

Мақаланы өңдеу ақысы:

Жариялау құны — 50 000 теңге.

Редакциялық алқаның шешімі бойынша институционалдық қолдау, редакциялық саясат немесе халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында төлемнен босату немесе жеңілдік беру мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін.

Архивтеу:

Журнал өзінің контентінің ұзақ мерзімді цифрлық сақталуын қамтамасыз етеді.

Журнал жарияланған материалдардың ұзақ мерзімді цифрлық сақталуын PKP Preservation Network (PKP PN) жүйесі арқылы қамтамасыз етеді. Мақалалардың толық мәтіндері, олардың метадеректері және жарияланымдармен байланысты электрондық файлдар PKP PN жүйесіне тұрақты түрде жіберіледі.

Журналдың барлық электрондық шығарылымдары журналдың ресми сайтындағы «Архив» бөлімінде сақталады, сондай-ақ келесі ресурстарда архивтеледі:

Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапхана

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің репозиторийі

Loading...