Ибн Сина фәлсафасындағы мән мен болмыстың метафизикалық негіздер

Ибн Сина фәлсафасындағы мән мен болмыстың метафизикалық негіздер

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/60-72

Кілт сөздер:

Ибн Сина, метафизика, мән, болмыс, Қажетті болмыс, субстанция, акциденция, себептілік, қатынастық, сандық, сапалық

Аңдатпа

Мақалада Ибн Синаның метафизикалық ілімі мен онтологиялық тұжырымдамалары «Данышнамэ»еңбегі негізінде жан-жақты талданды. Зерттеудің негізгі мақсаты — ойшылдың болмыс (вужуд), мән(маһийя), қажеттілік (уәжіп), мүмкіндік (мумкин), себептілік және субстанция мәселелеріне қатыстыфилософиялық көзқарастарын айқындау және олардың исламдық фәлсафа тарихындағы орнынкөрсету. Сонымен бірге Ибн Синаның метафизиканы «ең жоғарғы ғылым» әрі барлық ғылымдардыңметодологиялық негізі ретінде қарастырғаны сараланды. Және болмыстың мәннен айырмашылығы,Қажетті Болмыс ұғымының бірегейлігі, себеп-салдарлық байланыс пен каузалдық тізбек мәселелерітерең философиялық талдау нысанына айналды. Ғалымның субстанция, акциденция, материя, формапотенциалды және актуалды болмыс жөніндегі ілімі жүйелі түрде қарастырылып, олардыңболмыстың құрылымын түсіндірудегі маңызы айқындалды. «Қажетті болмыс» концепциясы барлықболмыстың бастапқы бастауы әрі себептілік тізбегінің соңғы негізі ретінде түсіндіріліп,Жаратушының трансцендентті табиғаты мен бірлігі дәлелденді. Сондай-ақ ғылымдардың жіктелуі,олардың болмысты танудағы орны, материя мен форма, акциденциялар мен категориялар туралы ИбнСинаның терең пайымдаулары талданып, олардың исламдық фәлсафа тарихындағы орны көрсетілді.Заманауи зерттеушілердің (А.В. Сагадеев, Т. Ибрагим, М. Диноршоев) интерпретациялары негізіндеойшылдың онтологиялық және теологиялық тұжырымдарына қазіргі философиялық тұрғыдан бағаберілді. Зерттеу нәтижесінде Ибн Синаның метафизикалық жүйесі болмыстың мәні мен құрылымынтүсінудің әмбебап әдіснамалық негізін қалыптастырғаны және оның идеялары исламдық қана емес,жалпы әлемдік филсофияға ықпал еткені айқындалды.

Downloads

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ
Loading...