Көшпелі өркениеттегі коммуникацияның онтологиялық және әлеуметтік-философиялық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-31-2/102-109Кілт сөздер:
коммуникация, диалог, шешендік өнер, дискурс, көшпенділер, дала демократиясы, қазақ хандығы, билік институты, құқықАңдатпа
Мақала әлемдік өркениеттің әртүрлі тарихи кезеңдеріндегі «коммуникация» феноменініңдиалектикасына арналған. Осы тарихи контекст аясында Қазақстан аумағындағы номадтардыңкоммуникативтік практикаларының дамуының негізгі кезеңдері жіктеледі. Зерттеу барысында, біржағынан, Батыс мемлекеттерінің саяси құрылымдары мен Батыс демократиясының қалыптасуүдерістері, екінші жағынан, хандық кезеңдегі қазақтардың «далалық демократиясы» феноменіарасында параллель жүргізіліп, салыстырмалы талдау жасалған. Жұмыста тілдік коммуникацияныңсаяси билік түріне және белгілі бір тарихи кезеңнің әлеуметтік-экономикалық құрылымыныңерекшеліктеріне байланысты сапалық тұрғыдан өзгеріп отыратын күрделі әрі жүйелі феномен екеніқорытындыланады. Осыған сәйкес, «коммуникация» феноменінің формасы мен мазмұны уақытағымына сай бірнеше рет трансформацияға ұшыраған. Қазақ халқының өндіріс тәсілі мен өмірсалтының ерекше формасы ретінде көшпелі өркениеттің болуы көне дәуірден ортағасырлық кезеңгедейінгі көшпелі қоғамдардың тарихи динамикасын айқындауға мүмкіндік берді және «далалықдемократия» кезеңіндегі саяси жүйе мен коммуникация сапасының тікелей өзара байланысынанықтауға негіз қалады. Сонымен қатар қазақ қоғамында сөз, тіл және коммуникация дін мен заңменсалыстырғанда аса қуатты біріктіруші әлеуетке ие болғаны көрсетіледі. Мақалада сондай-ақ қазақхалқының тарихи дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі коммуникативтік идеологиялық басымдықтарайқындалып, тілдік коммуникацияның трансформациялануына ықпал еткен механизмдер талданды.
