Көне түркі-қазақ дүниетанымындағы концепт ретіндегі «Туған жер» идеясы мен оның құндылықтық бағдарлары
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/102-115Кілт сөздер:
туған жер, мифология, ұлттық бірегейлік, түркі-қазақ халқы, құндылық, концептАңдатпа
Мақалада көне түркі және қазақ дүниетанымындағы «Туған жер» идеясының мәдени-философиялықнегіздері талданған. Зерттеу барысында тарихи-салыстырмалы талдау, феноменологиялық,психоаналитикалық, логикалық-семантикалық, герменевтикалық және құрылымдық-функционалдықәдістер қолданылды. «Туған жер» тек географиялық ұғым ғана емес, рухани және әлеуметтікқұндылықтардың негізгі тірегі және когнитивтік-эпистемологиялық концепт ретінде сараланды. Түркідәуірінен бастап, сақтар, түркі қағанаты, оғыз-қыпшақ, Қазақ хандығы кезеңінен қазіргі заманғадейінгі туған жерге деген сүйіспеншілік, оны қорғау мен қастерлеу дәстүрлері қалыптасқандығытуралы айтылды. Оған көне дәуірдегі арғы түркілердің мифологиялық сенімдері, поэтикалықдәстүрлер мен этнофольклор, тарихи деректер т.б. материалдар ретінде пайдаланылды. Зерттеудетуған жер концептісінің ұлттық сана, патриотизм, рухани құндылықтар мен тарихи сабақтастықтықалыптастырудағы рөлі әр қырынан сипатталды. Туған жерді: «Жер-Ана» ретінде құрметтеу, онықорғау дәстүрі қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан моральдық-этикалық және эстетикалыққұндылықтарының негізі ретінде қарастырылады. Нәтижесінде «Туған жер» идеясының құндылықтықбағдарлары жинақталып ұсынылды: қасиеттілігі, ұлттық бірегейлікті қалыптастырушылыққұндылығы; сүйіспеншілік пен патриотизмді қалыптастырушылық көріністері; тарихисабақтастықтың дәйегі; эмоционалды-эстетикалық бағдарлар; моральдық-этикалық конституциялар;экономикалық-геосаяси кеңістіктік институциялаулар т.б.
