Мақсаты және міндеттері

Журналдың мақсаты: философияның өзекті мәселелері бойынша түпнұсқа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау; философиялық білімнің, халықаралық академиялық ынтымақтастықтың және ғылыми диалогтың дамуына ықпал ету; адам, қоғам, мәдениет, таным және құндылықтардың іргелі және қазіргі заманғы мәселелерін пайымдауға жәрдемдесу.

Журналдың тақырыптық ауқымы философия тарихы, эпистемология, онтология және метафизика, әлеуметтік және саяси философия, философиялық антропология, этика және эстетика, мәдениет философиясы, ғылым мен техника философиясы, дін философиясы, цифрлық шынайылық философиясы бойынша ғылыми жұмыстарды, сондай-ақ айқын философиялық проблематикасы бар пәнаралық зерттеулерді қамтиды.

Журналдың міндеттері ғылыми пікірталастар мен философиялық идеялар алмасуға арналған ашық академиялық алаң қалыптастырудан; қазақстандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелерінің қолжетімділігін кеңейтуден; кәсіби өзара іс-қимыл мен халықаралық ғылыми байланыстарды дамытудан; теориялық, әдіснамалық және пәнаралық зерттеулерді қолдаудан; философиялық рефлексия, сыни ойлау және заманауи ғылыми әдістер негізінде қазіргі қоғамның өзекті мәселелерін пайымдаудың жаңа тәсілдерін қалыптастырудан тұрады.

Loading...