Журнал туралы

«Logos: Eurasian Journal of Philosophy» (LEJP) журналы «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы», ISSN 2518-7236 (print), ISSN 2663-5100 (online) журналының құқықтық мирасқоры болып табылады.

«Logos: Eurasian Journal of Philosophy» — философия саласындағы зерттеу нәтижелерін жариялауға арналған халықаралық, рецензияланатын, ашық қолжетімді ғылыми журнал. Журналда толық көлемді ғылыми мақалалар мен рецензиялар жарияланады.

ISSN: 3134-9242 (print), 3134-9250 (online).

«Logos: Eurasian Journal of Philosophy» әлемнің түкпір-түкпірінен авторлар мен оқырмандарды ынтымақтастыққа шақырады. Қолжазбалар жыл бойы мынадай бағыттар бойынша қабылданады: философия тарихы, таным теориясы, әлеуметтік философия, философиялық антропология және т.б.

Ұсынылған барлық қолжазбалар редакциялық алқа тарапынан журналдың тақырыптық бағытына, авторларға арналған нұсқаулық талаптарына, түпнұсқалық пен ғылыми жаңалық стандарттарына, жалпы сапа талаптарына және жарияланымдық әдеп қағидаттарына сәйкестігі тұрғысынан бағаланады. Авторларға арналған талаптарға сәйкес келмейтін мақалалар рецензиялауға жіберілмей, авторларға қайтарылуы мүмкін. Бас редактор редакциялық алқаның тағайындалған мүшелерімен бірлесіп қолжазбаны рецензиялауға жіберу, қабылдамау немесе рецензиялауға дейін өзгерістер енгізуді сұрату туралы шешім қабылдай алады. Белгіленген талаптарға сәйкес деп танылған қолжазбалар қосарланған жасырын рецензиялау (double-blind peer review) үшін тәуелсіз халықаралық сарапшыларға жіберіледі.

Рецензиялаудан сәтті өткен мақалалар Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) ашық лицензиясының шарттарына сәйкес ашық қолжетімділік (Gold Open Access) режимінде жарияланады және таратылады. Аталған лицензия жарияланған материалдарды кез келген коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салады.

Құрылтайшысы және баспагері: «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ, Қарағанды, Қазақстан.

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Шығу жиілігі: тоқсан сайын (жылына 4 рет).

Журнал келесі жүйелерде индекстеледі:

Eurasian Journal of History («Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериясы») Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған басылымдар тізіміне енгізілген (2012 жылғы 27 желтоқсандағы №1735 бұйрық; 2021 жылғы 18 наурыздағы №265 бұйрық).

Loading...