Журнал туралы
Журналдың мақсаты: авторлардың түпнұсқа мақалаларында философияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету, қоғамдағы философиялық білімнің рөлі мен маңызын арттыру, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті міндеттерін шешуге жәрдемдесу.
Журналдың міндеттері: ғалымдар арасында ғылыми пікір-талас үшін ашық алаң құру; ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне деген қолжетімділікті және зерттеушілер арасындағы тәжірибе алмасуды кеңейту; қазіргі заманғы ғылыми әдістер мен тарихи деректердің кең тобына сүйенетін тарихқа және ондағы Қазақстанның рөліне деген жаңа көзқарасты қалыптастыру.
Журналдың редакциялық саясаты: «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» журналының редакциялық саясаты әлемнің көптүрлілігін және оның болашағын бейнелейтін философиялық концептілердің дамуындағы негізгі үрдістермен айқындалады. Журналдың негізгі зерттеу бағыттары тарих философиясы, таным теориясы, әлеуметтік философия, философиялық антропология бойынша ғылыми мақалаларды жариялауды көздейтін тақырыптық рубрикатормен белгіленеді. Қазіргі әлемде жүріп жатқан үдерістер ғылыми жарияланымдардың басты басымдықтарын айқындайды. «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» журналы әлеуметтік-гуманитарлық саладағы отандық және шетелдік ғалымдардың негізгі жетістіктерін таныстыруға бағытталған. Жарияланатын мақалалардың өзектілігі «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» журналының қазіргі қоғамның рухани және философиялық ғылыми даму траекториялары мәселелері бойынша диалогтық алаң болуымен де дәлелденеді. Журнал тек беделді, танымал ғалымдарға ғана емес, академиялық ғылым дәстүрлерін жалғастырып жүрген немесе танымдық эвристиканың жолдары мен формалары туралы тың көзқарастар ұсынатын жас зерттеушілерге де жарияланым жасауға мүмкіндік береді. Басылым кәсіби аудиторияға, сондай-ақ дүниетанымдық мәселелер мен қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық ахуалға қызығушылық танытатын кең оқырман қауымға арналған.
Тақырыптық бағыттылығы әлеуметтік-гуманитарлық ғылыми кеңістіктегі негізгі зерттеу басымдықтарымен байланысты. «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» журналының негізгі бағыттары ретінде мыналар жарияланады: философия тарихы, әлеуметтік философия, философиялық антропология, мәдениет философиясы, онтология және метафизика, практикалық философия.
Кезеңділігі: «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» жылына төрт рет (тоқсанда бір рет) баспадан шығады.
Жариялау шарттары: «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» журналына баспадан шығару үшін әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулердің нәтижелерінен қамтитын мақалалар қабылданады.
Баспаға тек қана ғылыми басылымның профиліне сәйкес келетін өзекті, жаңа, ғылыми және тәжірибелік маңызы бар мақалалар қабылданады.
Мақаланың мәтінін баспаға ұсына отырып, автор өзі жайлы ақпараттың, сонымен бірге мақалада берілетін кестелер, схемалар, суреттердің толық дұрыстығына, плагиатың жоқтығына кеплдік береді.
Рецензиялау түрі: жарияланатын мақалалардың сапасын, дұрыстығын және нәтижелерінің дәлдігін қамтамасыз ету, сонымен бірге баспаның жоғары ғылыми-теориялық деңгейін қолдау, өзекті және тәжірибелік маңызы бар ғылыми жұмыстарды іріктеп алу мақсатында «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» редакциясында ғылыми мақалалардың қолжазбасын рецензиялау жүргізіледі.
«Logos: Eurasian Journal of Philosophy» редакциясына келіп түсетін барлық мақалалар бастапқы тексерістен және рецензиялаудан өтеді.
Журналдың редакциясы тарабынан екіжақты жасырын рецензиялаудың халықаралық стандарты бекітілген: рецензент тарабынан берілетін ұсыныстардың объективтілігі үшін рецензенттің аты-жөні мақала авторына жарияланбайды. Рецензенттер сәйкес келетін зерттеу саласы бойынша мақала профильіне сай мамандар арасынан бас редактордың тарабынан тағайындалады. Рецензиялау құпия түрінде жүреді. Егер мақала рецензент тарабынан ұсынылмайтын болса мақала жарияланбайды және оның себептері авторға жіберіледі. Рецензиялау мерзімі 3 аптадан аспайды.
Резенцияда мақаланың өзектілігі, зерттеу нәтижелерінің дәйектілігі, жаңалық деңгейі мен тәжірибелік маңызы белгіленеді. Сонымен бірге, негізгі кемшіліктері мәлімделеді (бар болған жағдайда).Рецензент мақаланың жариялану мүмкіндігі жөнінде шешім қабылдайды: қабылдау, шартты түрде қабылдау немесе жариялаудан бас тарту.
Оң рецензия берілген жағдайда мақала редакциялық алқаның отырысында талқылауға шығарылады. Рецензенттің қайта өңдеулерді қажет ететін ескертулердің бар болуы жағдайында оларды түзету мақсатында мақала авторға қайта жіберіледі. Мақаланы жариялауға қарсы екі рецензия болған жағдайда авторға мақаланың жарияланбайтындығы жөнінде негізделген жауап қайтарылады. Егер екі ренцензияның біреуі оң көзқараста болған жағдайда мақаланы жариялау жөніндегі мәселе редакция алқасының отырысында талқыланады.
Мұрағаттау және қолжетімділік: баспадан шығарылған мақалалар толық күйінде журналдың сайтына – «Архив» бөліміне жайғастырылады. «»» журналының мазмұны ашық қолжетімді түрінде беріледі және пайдаланушы оқырмандар үшін тегін түрінде ұсынылады. Пайдаланушы оқырмандарға оқуға, жүктеп алуға, көшірмесін алуға, принтерден шығаруға және сілтемелер жасауға мүмкіндіктер жасалған және бұл үшін баспадан немесе автордан рұқсат алудың қажеті жоқ.
Мақаланың түпнұсқалығын тексеру: ғылыми мақала бұрын жарияланбаған және басқа басылымдарға ұсынылмаған түпкі (дербес) ғылыми нәтижелермен мазмұндалуы тиісті. Ғылыми мақалалардың плагиаттық дәрежесін текесру жауапты хатшының тарабынан жүзеге асырылады.
Ғылыми мақалалардың түпнұсқалығы келісімшарттың негізінде strikeplagiarism.com немесе antiplagiat.ru жүейесі арқылы тексеріледі.
Баспаға ұсынылатын ғылыми мақалалардың мазмұнының 70 %-дан көбі түпнұсқалы мәтінді құрауы қажет. Егер мақала мазмұнының түпнұсқалығы қойылатын талаптарға сәйкес келмесе мақала тексеру есебімен бірге авторға қайта өңдеуге жіберіледі. Егер мақала түзетілмесе немесе қайта өңделгенен соң екінші рет түпнұсқалық талабына сәйкес келмесе мақала жариялауға жіберілмейді.
Баспа тілі: қазақ, орыс ағылшын тілдері.