Субъективный опыт и онтологическая неопределенность сознания
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/104-112Кілт сөздер:
сана, тәжірибе, құқық, құпиялылық, нейроқұқық, презумпция, тұтастық, белгісіздікАңдатпа
Мақала сананы объективті сипатталатын когнитивті процестер мен тікелей сыртқы верификацияға(айғақтауға) келмейтін субъективті тәжірибе арасындағы шекарада орналасқан феномен ретіндефилософиялық-құқықтық тұрғыдан талдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі нейроғылымдардың,когнитивті психологияның, нейротехнологиялардың және жасанды интеллектінің дамуы санамәселесін абстрактілі метафизика аясынан практикалық құқықтық теория саласына көшіруіментүсіндіріледі. Құқық дәстүрлі түрде адамды саналы агент ретінде қарастыратын болжамға сүйенеді,алайда мінез-құлықтың ішкі жағын сот, тергеу немесе өзге де сыртқы субъект тікелей бақылайалмайды. Мақаланың мақсаты — объективті тіркелетін корреляттарды да, субъективті тәжірибеніңфеноменалды бұлыңғыр еместігін де ескеретін сананың интегративті тұжырымдамалық моделінәзірлеу, сондай-ақ бұл модельдің кінә, қасақаналық, әрекет қабілеттілігі, ментальды құпиялылық жәнежасанды жүйелердің ықтимал құқық субъектілігін түсіну үшін салдарларын анықтау. Зерттеудіңметодологиялық негізін онтологиялық талдауды, эпистемологиялық реконструкцияны, ойшаэксперименттерді және нормативтік-құқықтық рефлексияны қамтитын сапалы тұжырымдамалық-талдамалық тәсіл құрайды. Мақалада сананы көпқабатты феномен ретінде қарастыру қажеттілігітуралы тезис негізделеді. Ол биологиялық және когнитивті процестермен байланысты, бірақ оларменғана шектелмейді. Бұдан саналы субъектілік туралы болжамға негізделген құқықтық категориялардыңэпистемикалық белгісіздік жағдайында еріксіз жұмыс істейтіні туындайды. Нормативтік жауапретінде күрделі жүйелерге қатысты сана презумпциясы принципі ұсынылады. Бұл принцип жасандыинтеллектіні құқық субъектісі ретінде автоматты түрде тануды білдірмейді, бірақ жоғары дамығанжасанды агенттерде субъективті тәжірибенің болу мүмкіндігін жоққа шығаруда ерекше сақтық таны-туды талап етеді.
Downloads
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
