Ежелгі грек киниктерінің жаһандық қоғамға ұсынған идеясы: ұстамдылықтың әмбебап ізгілігі
DOI:
https://doi.org/10.31489/3134-9242/2026-1-1/54-59Кілт сөздер:
ежелгі грек кинизмі, киник философиясы, адикалды ұстамдылық, жұмсақ ұстамдылық, аскеза, тұтынушылық өркениет, ләззат культі, ұтынуды қысқарту, философиялық этика, жаһандық, қоғамАңдатпа
Мақалада ежелгі грек киниктері (kynikoi) жариялап, өздерінің күнделікті өмір тәжірибесінде жүзегеасырған ұстамдылықтың әмбебап әрі радикалды ізгілігінің қазіргі жаһандық тұтынушылық өркениетпен қоғам үшін өзектілігі талданды. Автор ұстамдылық ұғымының негізгі философиялық жәнеэтикалық сипаттарына назар аудара отырып, оның ләззатқа шектен тыс ұмтылу, материалдықигіліктерді шамадан тыс тұтыну және жасанды қажеттіліктердің көбеюі үстемдік еткен қазіргіжаһандық әлем жағдайымен қаншалықты үйлесетінін қарастырады. Сонымен қатар киниктердіңқарапайым өмір сүру, материалдық тәуелділіктен арылу, өзін-өзі шектеу және табиғиқажеттіліктермен қанағаттану қағидаларының қазіргі адам болмысы үшін маңызы сараланады.Зерттеу нәтижесінде ежелгі дәуірге тән радикалды аскетикалық шешімдерді бүгінгі қоғамда толықкөлемде қолдану мүмкін емес деген қорытынды жасалады. Дегенмен ұстамдылықтың неғұрлымикемді түрі қазіргі жаһандық өркениеттің экологиялық, әлеуметтік және моральдық мәселелерінжеңілдетуге ықпал етуі мүмкін. Бұл — барлық нәрседе өлшем мен тепе-теңдікті сақтауға негізделгенжұмсақ ұстамдылық. Ол адамның негізгі қажеттіліктерін түбегейлі шектеуді емес, артық тұтынудыазайтуды, саналы таңдау жасауды және ресурстарға жауапкершілікпен қарауды көздейді. Осытұрғыдан алғанда, радикализмнен арылған киникалық аскетизм жұмсақ ұстамдылыққа жетудіңықтимал жолдарының бірі ретінде бағаланады.
Downloads
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
License

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License.
