Журналдың мақсаты: авторлардың түпнұсқа мақалаларында философияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету, қоғамдағы философиялық білімнің рөлі мен маңызын арттыру, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті міндеттерін шешуге жәрдемдесу.
Журналдың міндеттері: ғалымдар арасында ғылыми пікір-талас үшін ашық алаң құру; ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне деген қолжетімділікті және зерттеушілер арасындағы тәжірибе алмасуды кеңейту; қазіргі заманғы ғылыми әдістер мен тарихи деректердің кең тобына сүйенетін тарихқа және ондағы Қазақстанның рөліне деген жаңа көзқарасты қалыптастыру.
Журналдың редакциялық саясаты: «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» журналының редакциялық саясаты әлемнің көптүрлілігін және оның болашағын бейнелейтін философиялық концептілердің дамуындағы негізгі үрдістермен айқындалады. Журналдың негізгі зерттеу бағыттары тарих философиясы, таным теориясы, әлеуметтік философия, философиялық антропология бойынша ғылыми мақалаларды жариялауды көздейтін тақырыптық рубрикатормен белгіленеді. Қазіргі әлемде жүріп жатқан үдерістер ғылыми жарияланымдардың басты басымдықтарын айқындайды. «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» журналы әлеуметтік-гуманитарлық саладағы отандық және шетелдік ғалымдардың негізгі жетістіктерін таныстыруға бағытталған. Жарияланатын мақалалардың өзектілігі «Logos: Eurasian Journal of Philosophy» журналының қазіргі қоғамның рухани және философиялық ғылыми даму траекториялары мәселелері бойынша диалогтық алаң болуымен де дәлелденеді. Журнал тек беделді, танымал ғалымдарға ғана емес, академиялық ғылым дәстүрлерін жалғастырып жүрген немесе танымдық эвристиканың жолдары мен формалары туралы тың көзқарастар ұсынатын жас зерттеушілерге де жарияланым жасауға мүмкіндік береді. Басылым кәсіби аудиторияға, сондай-ақ дүниетанымдық мәселелер мен қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық ахуалға қызығушылық танытатын кең оқырман қауымға арналған.

